2025 жылдың 6 мамырында Lesson Study зерттеу сабағы аясында бастауыш сынып мұғалімі Калашникова С.В. және мектепалды даярлық педагогы Кинчинбаева М.Б. 0 "Б" сыныбында «Қазақстан бойынша саяхат» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Оқушылар есептер шығарып, математикалық дағдыларын қайталады, сондай-ақ Қазақстанның көрнекті жерлерімен танысты. Сабақ интерактивті түрде өтіп, логикалық ойлау мен Отанға деген сүйіспеншілікті дамытуға бағытталды.