6 мамыр күні Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған 2025 жылғы Хорлар шайқасы атты әсерлі де мазмұнды іс-шара өтті.
Бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепке дейінгі даярлық тобының педагогтері оқушылармен бірге патриоттық рухқа толы концерттік бағдарлама ұсынды.
Сахнада соғыс жылдарындағы әндер шырқалып, батырлық пен ерлік туралы жүрек тебірентер өлеңдер оқылды. Әр өнер көрсету тарихқа, Отан қорғаушыларға деген терең құрметпен орындалды.
Іс-шара соңында барлық қатысушылар белсенділігі мен шығармашылығы үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Осындай рухты, әсерлі шара үшін ұстаздар мен оқушыларға алғыс білдіреміз. Тарихты бірге!