2023 жылдың 26 сәуірінде Булаев қаласындағы "JASTAR" орталық стадионында 7-8 сынып оқушылары арасында жеңілатлетикалық кросс бойынша аудандық жарыс өтті. Жарысқа ауданның 13 мектебінен 60 ұл мен 50 қыз қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 орын – "№ 2 Булаев орта мектебі " КММ
2 орын - "Чистовск орта мектебі" КММ
3 орын - "Ұзынкөл орта мектебі" КММ
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді қол жеткізген нәтижелерімен құттықтаймыз және одан әрі жеңістер тілейміз!